«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

«Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты.

Теміржолдың жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, мұнда теміржол төсемін салумен қатар, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің салынуы осы міндеттерге сәйкес келеді және қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуында аса маңызды.

Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриалды аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Теміржол өндірістік алаңның әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға және қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігін дамытуға қосымша жағдай жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2026...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті,...