Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды

Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды

Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

– Газет те адам сияқты. Алғашқы тәй-тәй басқан қадамына ел қуанады. Аяғына тік тұрған уақытта жан-жағына байыппен қарап, елдік мұрат жолында қызмет ете бастайды. Сол сияқты «Оңтүстік Қазақстан» газеті де қаншама жылдар бойы ауыр да қиын күндерді басынан өткерді. Газет шығаруға қаржы табылмай қалған кездердің өзінде оқырманынан ажыраған жоқ. Енді 100-ге келген шағында ұлттың рухани шежіресіне айналды десек артық айтқандығымыз емес. Бүгін «Оңтүстік Қазақстан» газеті аллеясның ашылғанына куә болып отырмыз. Бүгінгі егілген көшеттер жайқалып өсіп, елге сая болатын үлкен саябаққа айналсын деген тілектер айтылып жатыр. Жүзге келген абыз басылым үшін осыдан артық тілектің қажеті де жоқ, – дейді газеттің директор-бас редакторы Абай Балажан.

Аллеяның ашылуына еліміздің әр түкпірінен келген облыстық газеттің редакторлары атсалысты. Атап айтсақ, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстық газеттердің редакторлары түркістандық әріптестерімен бірігіп көшет отырғызды.

Айта кетейік, мазмұнды іс-шаралар легі ертең «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында жалғасады. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...