Павлодар педагогикалық университетінің ректоры қызметіне үміткерлер қаралды

Павлодар педагогикалық университетінің ректоры қызметіне үміткерлер қаралды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен басқарма төрағасы – жоғары оқу орны ректорының кандидатурасын қарау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Комиссия құрамына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім министрлігі, ЖОО қауымдастығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері және қоғам қайраткерлері кірді. 

Отырыс барысында «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ ректоры лауазымына кандидаттар қаралды.

1962 жылы негізі қаланған жоғары оқу орны аймақтағы жалғыз педагогикалық білім беру провайдері болып саналад және білім беру жүйесіне мамандар даярлайды.

Үміткерлер бірқатар критерийлерге сәйкес келуі керек: ғылыми дәрежесінің болуы, білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл. Ғылыми атағы бар кандидаттарға (профессор, доцент) артықшылық берілді.

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректордың лауазымына 3 кандидатура ұсынылды. Олар жоғары оқу орнының алдағы 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Нәтижесінде комиссия Ержан Әмірбекұлының университет ректоры лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Елімізде білім сапасын арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдануда. Бұл ретте ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Келешекте елге қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеуде білікті педагогтардың маңызы ерекше. Сапалы кадр даярлау үшін жоғары оқу орындары бар күшін салуы қажет. Сондықтан ректор қызметін атқаратын азамат бұл жұмысты өз деңгейінде ұйымдастыра білуі тиіс», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласы әкімшілік іскерлік орталығын дамыту...

Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы...