Шымкентте «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» акциясы өтуде

Шымкентте «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» акциясы өтуде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Акцияға «Самғау сенім Орталығы», Жастар Ресурстық Орталығы еріктілері, қалалық полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы қатысты. Іс-шара барысында қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде әйелдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі.

Отбасылық агрессияға қарсы 21 маусымда басталған іс-шара 30 маусымға дейін жалғасады.

Көмек алу үшін 8 7252 551 200, 8 708 478 96 63 тел нөмірлері арқылы байланысуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласына (Әзербайжан) жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті...