Шымкентте 2024 жылы 1301 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте 2024 жылы 1301 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы ауқымды жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Жыл бойы қаладағы 1301 көшеге заманауи жарық шамдар орнатылып, түнгі уақыттағы көшелердің жарықтандырылуы айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл жұмыстар қала қауіпсіздігін арттырумен қатар, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Әсіресе, мектептер мен балабақшалар, қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланған аумақтардағы көшелер ерекше назарға алынды.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да жарықтандырылмаған көшелерді қамтып, тұрғындарға барынша жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды жалғастыратынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...