Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды

Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды

Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен  қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мегаполис басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.

«Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғ.Сыздықбеков.

Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...