Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды

Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды

Балалар теміржолының орнына заманауи веложол мен аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған аумақ жаңа серуен аймағы ретінде пайдалануға берілді. Бұл аймақ Қажымұқан атындағы стадионнан бастап, Дендросаябақтағы бұрынғы теміржол станциясына дейінгі аумақты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 5,5 шақырым, орташа ені – 5 метр.
Көлік өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол таңбалары сызылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жобаның аясында веложол, жүгіру жолдары және бірнеше воркаут алаңдары салынды. Сондай-ақ, аумақ толық көгалдандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.
Айта кетейік, Дендросаябақ пен Қажымұқан стансасы аралығындағы 8 шақырымды қамтитын балалар теміржолы 1979 жылы сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың басқаруымен салынған болатын. Бұған дейін теміржол қайта жаңғырту жұмыстарынан өткен.
Алайда, қала басшысының айтуынша, жаңарту жұмыстарына қарағанда кәсіпкерлердің демеушілігімен бұл аумақты қайта құру әлдеқайда тиімді әрі заман талабына сай жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда бұл жаңа аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...