Түркістан: Сауранда ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Түркістан: Сауранда ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бір ғасыр жасаған қариялардың үйлерін арнайы аралап, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылына табан тіреп, Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері Закир Мұсаевтың шаңырағында болды. Облыс әкімінің атынан құттықтау хатын жеткізіп, әкімдік атынан ат мінгізіп, сый-сияпат жасады.

Закир Мұсаев 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болған, 9 жасында жетім қалған ол анасы мен қарындасымен бірге қиыншылықтарды бастан өткеріп, 1943 жылы өз еркімен соғысқа аттанады. Ол майданда екі рет жарақат алады, бірақ соғыс аяқталғаннан кейін Германияның Дрезден қаласында күзетші болып қызмет атқарып, 1950 жылы әскерден оралған соң ауылда еңбек жолын жалғастырады. 35 жыл бойы есепші болып еңбек етті. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, ұрпақтарын еңбекке, адалдыққа, ұлттың рухани құндылықтарына құрмет көрсетуге баулыды. Қазыналы қария облыс әкімі орынбасарының арнайы құттықтап келгеніне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ облысты дамыту бағытындағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Облыс әкімінің орынбасары содан кейін Ескі Иқан ауылының тұрғыны, 102 жастағы Хапиза Эрметованың үйіне барды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары еңбек адамына құрмет көрсетті.

Ертай Алтаев батыр ананы қос мереке – туған күні және Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлығын табыс етті. Ақ жаулықты ана облыс әкімінің орынбасарына алғысын айтып, ақ батасын берді. Елдің тыныштығын тілеп, ризашылығын білдірді.

Хапиза Эрметова 1923 жылы 1 қаңтарда Жаңа Иқан ауыл округі, Ақтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Хапиза апа сол қиын кезеңде ел үшін үлкен еңбек сіңірді. Соғыс аяқталғаннан кейін, 1953 жылы Ескі Иқан ауылына қоныс аударып, отбасымен бақытты өмір сүріп, 8 баланы тәрбиелеген. Еңбек ардагері 39 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...