Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр – Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министр Азамат Есқараевқа министр қызметінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ерлан Сәрсембаевты таныстыру барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына қойған бірқатар міндеттерді атап өтті. 

Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды.

Парламентпен өзара тығыз іс-қимыл жүргізу, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттілігі нақтыланды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...