Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.

Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында...

Үкімет Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде...