Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жалғасады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жалғасады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Бекітілген кесте бойынша бүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы 800-ден аса ауқымды сенбілік өткізілді. Оған 299 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 1500-ден аса техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 1 миллионнан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Өңір басшысы тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырып, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты. Сонымен қоса елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.

Жиында облыс әкімінің бірінша орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр.

Бүгінгі таңда осы бағдарламаның өңірдегі  «Телеграмм бот» платформасына  859 өтініш пен хат түскен. Оның ішінде, 852 өтініш орындалған. 7 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылған. Былтырдан бері қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 мыңнан астам хаттама толтырылған, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2  есеге  артып отыр. Жалпы 318,5 млн теңгеге айыппұл салынған. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласы әкімшілік іскерлік орталығын дамыту...

Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы...