"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Р.Сабденов ауылында Ақбұлақ дәрігерлік-амбулаториясы ашылып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші медициналық нысан.

Ауылдықтарға медициналық қызмет көрсететін нысанда халыққа дәрігердің қабылдауы, ем-шара қабылдау, акушердің тарапынан пациент қабылдау, массаж, түрлі медициналық талдамалар жасау сынды көмек түрлері көрсетіледі.

Мұнда тіркелген тұрғындардың жалпы саны - 2237 адам. 14 қызметкер жұмыс жасайтын емдеу мекемесі алғашқы және амбулаторлы ем көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтармен қажетінше жабдықталған.

Атап айтқанда, жүрек соғысын тексеру құрылғысы, электрондық аквадистиллятор, волюметриялық инфузиялық сорғы, хирургиялық электрлік сорғы, ультрадыбыстық терапияға арналған бір арналы құрылғы, сенсорлық экраны бар қос арналы магнитотерапия аппараты, ингалятор, мультифункционалды физиотерапиялық аппарат, оптикалық кольпоскоп және т.б. бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...