Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президентке ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...