Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру болып табылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін қала әкімі Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қала тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтаған қала басшысы бұл шаралар қаланың көркейіп, тұрғындардың жағдайын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кету керек, тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Тұрғын үй дайын күйінде беріледі. Осылайша, өткен жылы қолға алынған шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын жаңартудың заңды жалғасы болды. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты.

Еске салайық, Көксай шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы аясында аумақты кезең-кезеңімен абаттандыру, сондай-ақ аудан әкімдігінің ғимараттары мен басқа да бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...

Инициативы были организованы в образовательных учреждениях и нацелены на повышение ответственности молодежи за сохранение окружающей среды. В...

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.Қалалық Білім басқармасына қарасты...