Астанада «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Астанада «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талдауға арналды. Қатысушылар қазіргі заманғы және болашақтағы мүмкіндіктерді талқылап, жаһандық өзгерістер жағдайында бірлік пен келісім саясатын дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласының сарапшылары қатысты.

Ассамблеяның мерейтойы этносаралық қарым-қатынастарды дамытуда маңызды кезең екені атап өтілді. Қатысушылар бұл салада озық тәсілдерді енгізу мен мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауға арналған практикалық ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту, ағартушылық қызметті жандандыру, сондай-ақ қоғам, мемлекеттік органдар мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара байланысты кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Конференцияның негізгі тезистері қатарында этносаралық қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...