Қазақстан Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға астық экспортын ұлғайтты

Қазақстан Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға астық экспортын ұлғайтты

Қазақстан аталған елдерге астық экспортын арттырды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Өзбекстанға астық жеткізу көлемі 8,8 пайызға өсіп, 1,39 млн тоннаға жетті. Тәжікстанға экспорт 9,6 пайызға артып, 417 мың тоннаны құрады. Қытайға астық жеткізу көлемі 1,8 есеге өсіп, 436 мың тоннаға, ал Ауғанстанға экспорт 1,6 есеге артып, 632 мың тоннаға жетті.

Жалпы, биыл астық пен астық баламасына шаққандағы ұн экспортының көлемі 16 млн тоннаны құрады. Өткен маусымда бұл көрсеткіш 15,3 млн тонна болған еді.

Экспорттың өсу үрдісі биылғы маусымда да жалғасып отыр. Қыркүйек айынан 10 қарашаға дейін 3,28 млн тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға көп.

«Біздің міндетіміз – дәстүрлі нарықтардағы орнымызды нығайту, жаңа өткізу нарықтарын игеру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өнім өткізудің тұрақты әрі болжамды жағдайларын қамтамасыз ету», – деді Айдарбек Сапаров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. 5 күнде 115 адам қамауға алынды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Түркістан қаласында жастар кәсіпкерлігін дамыту жергілікті экономиканың болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Жас азаматтардың жеке кәсібін...