Бірлескен меморандум түзді

Бірлескен меморандум түзді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыходжаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында үйлесімді қарым-қатынастарды нығайту.

Меморандум туралы басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова: «Бұл ортақ құжат қаламыздағы этносаралық тұрақтылықты бекемдеуге, өзара түсіністікті дәріптеуге, этностар арасында достық пен сыйластықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе қолға іс-шаралар мен жобалар арқылы қоғамдық келісім мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттауды көздейді, – дейді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында түзілген меморандум ел бірлігін бекемдеуге, іс-шараларды қолдауға және бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында қолға алынатын жаңа жобаларды бірлесе іске асыруға септесері анық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...