Жоспарды іске асыру пысықталды

Жоспарды іске асыру пысықталды

Бүгін Астана қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша ҚХА қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының және сарапшылардың қатысуымен арнайы жиын өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жиынға ZOOM платформасы арқылы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен өткен жиында мерейтойлық жылдың негізгі жобалары мен іс-шаралары жан-жақты талқылады.

Марат Әзілхановтың айтуынша, Ассамблеяның 30 жылдығы аясында ел аумағында 400-ден астам ірі іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Одан бөлек, өңірлерде арнайы жоспарлар әзірленіп, бекітілген. 1 наурызда бастау алатын мерекелік іс-шараларды жыл соңына дейін жүйелі жалғастыру межеленген.
Жиынға бейнебайланыс арқылы Шымкент қаласынан қатысқан «Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, биыл өзбек этномәдени бірлестіктері тарапынан атқарылатын жұмыстар жайында баяндады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар мен жобалар еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге және дәріптеуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...