Қала тазалығымен айналысатын мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылуы тиіс

Қала тазалығымен айналысатын мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылуы тиіс

Бұл туралы қала әкімі қаланы көріктендіру және жасыл желекті күтіп ұстау мәселесіне арналған жиын барысында айтты,  деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалада бос, топырағы шығып жатқан жерлер болмауы керек. Көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруда «асфальт, аяқжол төсемелері және көгал» ұстанымы басшылыққа алынып, тұрғын үйлердің қас беттері жарықтандырылуы тиіс, аулаларда қолайлы орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшалары болуы керек.

Қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарды абаттандыруды назарға алған шаһар басшысы, сай-салаларда егілген көгалды аумақтарды кәдеге жаратудың тиімді жолдарын белгілеуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын жойып, экологияны сауықтыру бойынша пәрменді жұмыстар атқаруды жүктеді.

Қаланы абаттандыру талаптары қалалық мәслихат шешімімен бекітілген Ережеде қамтылғандығын айтқан Мұрат Әйтенов, аудан әкімдері осы талаптардың орындалуын күнделікті бақылауы керектігін айтты. Айналаның тазалығына жауапкершілікті арттыру жөнінде коммерциялық нысан иелері және мердігер ұйымдар арасында нақты жауапкершілік міндеттемелерін бөліп, бекітіп беруді тапсырды. Мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылып, атқарылған жұмыстарға бақылау жүйесі күшейетін болады. Бұл өз кезегінде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалығын сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелендіруге ықпал етеді.

Тұрғындар арасында тазалыққа жанашырлық танымын қалыптастыру үшін кешенді ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізу жүктелді. Жиында қаладағы абаттандыру жұмыстарының тиімділігін арттыру, жасыл желектің өнімділігін бақылау мақсатында осы саладағы жұмыстарды автоматтандыру мәселесі де айтылды. Бұл бағытта саябақтар мен аллеяларға бейнебақылау камералары қойылып, бірыңғай ақпараттық дерекқор түзілмек және оған тиісті салалық басқармалар мен аудан әкімдіктері қосылмақ.

Жиында көтерілген осы міндеттердің барлығы Шымкент қаласын абаттандырудың жаңа тұжырымдамасында қамтылатын болады. Қала басшысы қала үшін маңызы зор бұл құжат жобасын биылғы тамыз айында ұсынуды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Көлік министрлігінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...