Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсуі 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,5% болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Экономикалық өсуге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.

Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%)байқалады.

Құрылыста өсім 13,1%, көлікте және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев су экожүйелерін қалпына келтіру және Солтүстік Арал теңізін қайта жандандыру тәжірибесіне арналған панельдік...