Шымкентте көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда

Шымкентте көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда

Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында - 1, Тұран ауданында - 1, Қаратау ауданында - 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады.

Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда шығарылады.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.

Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...