Шымкентте шалғай елді мекендер сапалы интернетпен қамтылуда

Шымкентте шалғай елді мекендер сапалы интернетпен қамтылуда

Шымкент қаласында елді мекендер мен шағынаудандарды сапалы интернетпен қамту, мобильді байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл жоспарға сай бірқатар елді мекен тұрғындары талшықты оптика желісімен қамтылады.

Бүгінде Тұран ауданының Жаңаталап елді мекенінде 120-дан астам үй талшықты оптика желісіне қосылды. 2000-ға жуық үйге интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалынды. Бұл жұмыстарға жауапты жеке инвестор – «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы. Ал, Еңбекші ауданының Өтеміс елді мекенінде 150-ден астам үйге техникалық мүмкіндік жасалынып, 60-тан астам үй талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілді. Аталған аумақта «Транстелеком» компаниясы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоспар бойынша «СпецАвтоматикаСервис», «Транстелеком», «Beeline», «I-Link net» компаниялары тарапынан, биыл жалпы 18 елді мекенге кең жолақты оптика желісі тартылады. Шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетке қосу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген. Сондай-ақ, шаһарда байланыс сапасы төмен нүктелерге базалық станция орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...