«Тұран» тұрғындарына газбен қамту жұмыстарының барысы түсіндірілді

«Тұран» тұрғындарына газбен қамту жұмыстарының барысы түсіндірілді

«Тұран» шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылдыдеп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында көпқабатты үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу мәселесі талқыланды. Аталған кездесуге «КазТрансГаз» АҚ, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының газ инспекциясы бөлімінің мамандары қатысты.

Сала мамандары тұрғындарға табиғи газ жүйесі автоматтандырылған газ тарату станциясын қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, пәтерлерде газ балонын пайдалануға болмайтыны жөнінде ескертті.

Айта кетейік, «Тұран» шағынауданында қазіргі таңда пайдалануға берілген 59 көп қабатты үй бар. Аталған шағынаудандағы тұрғын үйлердің газ мәселесі АГТС-ті пайдалануға бергеннен кейін толық шешімін табатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығында протездеу жұмыстары ем алушыны...