Оқ атудан Азия Кубогында армия спортшылары сегіз алтын және күміс медаль жеңіп алды

Оқ атудан Азия Кубогында армия спортшылары сегіз алтын және күміс медаль жеңіп алды

Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары Тайланд астанасы Бангкокта өткен Азия Кубогында Қазақстан құрамасына төрт алтын және күміс медаль сыйлады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Турнирдің жалпы медаль есебі келесідей: қазақстандықтар 12 алтын, 9 күміс және 4 қола медальмен оралды. Оңтүстік Корея спортшыларының қоржынында 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар. Сингапурлық мергендер 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль ұтып алды.

Әскерилер арасында алтын медальдарды қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, командалық есеп) және Қарулы күштердің әскери қызметшісі Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, жатып ату жағдайында, жеке және командалық есепте) жеңіп алды. Күмістен алқа тағынғандар қатарында Қарулы күштердің әскери қызметшісі Валерий Рахымжан (пневматикалық тапанша, 10 метр) және қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, жеке есеп), әскери қызметшілер Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, үш жағдай, жеке есеп),  Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс) бар.

Айта кету керек, Азиядағы ең ірі ұлттық мергендер жарысында 23 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...