Түркістанға үстел теннисінен «ROAD TO ASTАNA 2027» әлем чемпионатының ту эстафетасы келді

Түркістанға үстел теннисінен «ROAD TO ASTАNA 2027» әлем чемпионатының ту эстафетасы келді

Түркістан қаласында 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының төртінші кезеңі ұйымдастырылды. Іс-шара аясында Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми туы таныстырылып, спорттық-мәдени фестиваль өтті.

2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында Астанада өтетін «ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027» әлем чемпионатына арналған ту эстафетасы бұған дейін Өскемен, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында өткен. Оңтүстік өңірдегі негізгі іс-шаралары Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтті. Фестиваль бағдарламасында ресми туды таныстыру рәсімі, спортшылардың көрсетілім ойындары, үстел теннисінен шеберлік сабақтары, интерактивті сайыстар мен шығармашылық қойылымдар ұйымдастырылды. Балалар мен жастар кәсіби спортшылармен жүздесіп, үстел теннисінен өз шеберліктерін сынауға мүмкіндік алды.

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасы еліміздің өңірлерін аралау арқылы үстел теннисін кеңінен насихаттауды, бұқаралық спортты дамыту мен Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын танытуды көздейді. Ту эстафетасы Қазақстанның бірнеше өңірін қамтып, 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына ұласады. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік үстел теннисшілері бас қосады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы мен WTTC Astana 2027 ұйымдастыру комитеті өткізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ