Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен кездесті

Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады», – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.

Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...