Түркістан: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бөлімше құрылды

Түркістан: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бөлімше құрылды

Отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері – Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. Аталған бөлімшенің басты ерекшелігі –отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жинақталған жүйелі мәселелерді жою. Бұл жайында Түркістан облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар Қалабаева брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін анықтау мен бақылаудың жаңа алгоритмдері әзірленді. Жедел топтар жағдайды талдаудың цифрлық құралдарын қолдана отырып, отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларына жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Ресми мәлімдемелер түскенге дейін, оның ішінде қайталанған жанжалдар туралы деректер негізінде де зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, құрбандар мен куәгерлерді қорғау, олардың қауіпсіздігі мен қолдауды қамтамасыз ету де басты назарда. Жаңа бөлімше қайталанатын зорлық-зомбылық қаупін бағалап, агрессорлармен жұмысты да күшейтуді қолға алады»- деді спикер.

Жалпы елімізде биыл жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 607 хабарлама келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға аз. Сонымен қатар, өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтар құрылып, жыл басынан бастап полиция қызметкерлері мекен-жайы бойынша 345 отбасын қарап, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 47 отбасын анықтаған. Оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілуде. Сондай-ақ, еліміз бойынша 17 отбасын қолдау орталықтары қызмет көрсетуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...