Түркістан облысы «Ақпарат және байланыс» саласы бойынша елімізде көш бастап тұр

Түркістан облысы «Ақпарат және байланыс» саласы бойынша елімізде көш бастап тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс» екендігін баса айтқан болатын. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан облысында «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 10,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 114 % өсімді көрсетіп, республика бойынша көш басында тұр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

- Ауылдық жерлерде халыққа көрсетілген пошта және курьерлік қызметтің көлемі 5 560,5 млн теңге болды. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында бұл қызмет бойынша жедел дерекке сәйкес 1 249,1 млн теңгеге көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 13,7% артқан. Статистикалық есептерді облыс аумағында тізім бойынша 33 кәсіпорынның 32-і («Esmira» ЖШС тапсырмаған) уақытылы тапсырды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады және тұрақты бақылауда, - деді облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.

• Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің көлемі - 396,4 млн теңге;

• жергілікті телефон байланысы қызметтерінің көлемі - 737,5 млн теңге;

• интернет желісінің қызметтері - 5 576,8 млн теңге;

• сымды және сымсыз телекоммуникациялық желілер арқылы деректерді беру бойынша қызметтер - 369,6 млн теңге;

• кабельді инфрақұрылым, сымсыз желілер және жерсерігі арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер - 446,7 млн теңге;

• өзге де телекоммуникациялық қызметтер көлемі - 2 609,1 млн. теңгені құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...