Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Түркия ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Түркияның аграрлық секторды цифрландыру, ауыл шаруашылығы техникасын сынақтан өткізу және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағытындағы тәжірибесін зерделеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Маңызды шара Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Министрлік өкілдері Анкара және Конья қалаларындағы бейінді мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, Түркияның агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық тұрғыдан дамыту тәсілдерімен танысты.

Анкара қаласында делегация мүшелері ауыл шаруашылығында қолданылатын цифрлық құралдардың мүмкіндіктерімен танысты.

Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдері ведомствоның ақпараттық жүйелері туралы жан-жақты баяндап, саланы цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарына айрықша назар аударды.

Ал, Конья қаласында ғылыми зерттеулерге және заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізуге басымдық берілді. Топырақтану, су ресурстары және шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері мен олардың нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісінде іс жүзінде қолдану тәжірибесіне баса көңіл бөлінді.

Сонымен қатар делегация ауыл шаруашылығы техникасы мен өнеркәсіптік қозғалтқыштар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік үдерістерімен танысты. Қазақстандық тарапқа өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері және түрік компанияларының машина жасау саласындағы тәжірибесі туралы айтылды.

Аталған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамыту кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...