«Тұран» шағынауданын абаттандыру мәселесі талқыланды

«Тұран» шағынауданын абаттандыру мәселесі талқыланды

Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен, «Тұран» шағын ауданы құрылыс жұмыстары бойынша, мердігер мекемелердің басшыларымен кезекті жиын өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Жиында абаттандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру, инженерлік-инфрақұрылм мәселері талқыланды.

Қала басшысы ең алдымен тұрғындардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін абаттандыру жұмыстарының маңыздылығын атап, әрбір салынып жатқан жаңа шағынаудандардың инфрақұрылымы мен келбеті заман талаптарына сай болуы керектігін айтты.

Құрылыс компанияларының өкілдері құрылыс барысында жиі кездесетін кемшіліктерді, жобалау кезден бастап алдын алу мақсатында, құрамында осы салаға қатысты мекемелер мен мердігер мекеме өкілдері болатын арнайы техникалық кеңес құруды ұсынды. Қала басшысы бұл ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің және магистралдық газ жүйелерінің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапасын бақылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...