Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі

Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі

Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді.
Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...