Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпанда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы филиалының Абай ауданы бойынша бөлімінің ғимаратында (Мәделі Қожа 1Г) сағат 15.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...