Ауқымды Масленица 2025

Ауқымды Масленица 2025

Бүгін Шымкент қаласында орыс драма театрының алдындағы алаңда «Ауқымды Масленица 2025» мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық славян этномәдени бірлестігі және орыс драма театрының ұйымдастыруымен өткен бұл шара барысында Қазақстанда тұратын славян халықтарының салт-дәстүрлері арнайы дайындалған мәдени бағдарлама арқылы көпшілікке ұсынылды. Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қала тұрғындары қатысты.

Масленица мерекесі аясында қалалық славян этномәдени бірлестігі мен басқа да этнос өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени шарада дәстүрлі әндері мен билері орындалып, театр ұжымының қатысуымен қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары мен түрлі тағамдардың сатылым көрмесі де өтті.

Масленица — көне славян дәстүрлері мен салттарына негізделген мереке, ол қыспен қоштасып, көктемді қарсы алу мейрамы ретінде танымал. Бұл мейрам сыйластық пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп, достық пен бірлікті нығайтуға және этностар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...