Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға толығымен әзір екенін көрді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Qarmet компаниясы трамвайды қала халқының игілігіне екі жыл бұрын берген болатын. Содан бері аталған қоғамдық көлік қатынасы 1 миллионнан аса жолаушыны тасымалдаған.

Қалада трамвайға арналған 30 шақырым шойын жол қалпына келтіріліп, ауыстырылды, жаңадан заманауи 8 вагон сатып алынды. Бұл трамвайдың кестеге сәйкес тұрақты жүруіне мүмкіндік берді.

Рельсті көлікте жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін электронды төлем жүйесі орнатылған, ал Qarmet кәсіпорнының жұмыскерлері мен ардагерлері тегін жүреді.

Президент «Qarmet» АҚ басшылығымен әңгімелесу барысында металлургтер қаласындағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызын атап өтті.

– Шын мәнінде, Теміртау үшін трамвай – заманаларды байланыстыратын дәнекер іспеттес. Тұрғындардың трамвай қатынасын қалпына келтіру туралы талабын орындағаныңыз дұрыс болыпты. Комбинатқа алғаш келгеніңізде Теміртау қаласын абаттандырумен міндетті түрде айналысу қажет деп айтқан едім. Өйткені қала күтім көрмей, тозып кетті. Әлі де атқарылатын жұмыс көп, дегенмен бастамасы жақсы. Теміртау тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілді. Байқауымша, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Өйткені адамдар айналадағы оң өзгерістерді байқап, алғыстарын білдіруде. Еңбек ұжымының да көңіл-күйі айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Ең бастысы, жағымды үдеріс бар. Біз комбинатты міндетті түрде прогресс пен табыстың символына айналдырамыз, тіпті оны өркендетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, алға...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және...

Елімізде шаруалардың заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға көрсетіліп жатқан қолдау жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы жеңілдетілген...