Shymkent IT Hub – инновацияларға жол ашатын орталық

Shymkent IT Hub – инновацияларға жол ашатын орталық

Шымкент қаласында жүзеге асырылған «Shymkent IT Hub» жобасы өңірдегі цифрлық трансформацияның маңызды кезеңін белгілейді. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Astana Hub» үлгісінде еліміздің барлық өңірлерінде ІТ орталықтар ашу жоспарланған болатын. Осы мақсатта, 2023 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында «Shymkent IT Hub» орталығы ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Әбутәліпұлы атап өтті. Ол өз сөзінде, аталмыш орталықтың өңірдегі ІТ кәсіпкерлікті дамыту мен цифрлық технологияларды енгізуге үлкен үлес қосатынын атап өтіп, өңірдегі жас кәсіпкерлер мен стартап жобаларға қолдау көрсету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Shymkent IT Hub» орталығында тек ІТ мамандары үшін ғана емес, жалпы қала тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндіктер мен білім алаңы болып табылатынына ерекше мән берілген.
Орталықта технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және ІТ-қауымдастықты қалыптастыру мақсатында 72 іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық адам тіркелді. Аталған шаралардың бірі – еліміздегі ең ірі «Decentrathon 2.0» хакатоны, оған 2000-нан астам қатысушы қатысып, өңірімізден 80 адам адамнан тұратын 29 команда қатысты. Бұл жарыс жасанды интеллект, блокчейн, ойын индустриясы мен телеграм шағын қосымшалары сияқты маңызды ІТ бағыттарында өтті. «Shymkent IT Hub» жобасы тек ІТ мамандары үшін емес, жалпы халық үшін жаңа мүмкіндіктер мен білім алаңын ұсынады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/gs8jivHbM8Y?si=WETb7N2hXAhS0Ncz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мамандық таңдауда жынысқа қатысты шектеу болмауы керек. Осы ұстанымды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Мамандыққа шектеу жоқ –...

Ағымдағы жылдың 2–3 қарашасында Ыстанбұл қаласында өткен отырыста Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау...

В Доме дружбы Шымкента прошла масштабная выставка «Мамандыққа шектеу жоқ – мүмкіндік бәріне ортақ» («Ограничений в профессии нет – возможности общие для...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов электр энергетикасы саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда...

Астанада су ресурстары туралы деректерді жинау және талдау мақсатында Ситуациялық орталық ашылды. Ол Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының...