Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу: Қанат Бозымбаев ИКАО өкілімен кездесті

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу: Қанат Бозымбаев ИКАО өкілімен кездесті

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаев ИКАО-ға Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонды Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған жерге уақтылы жібергені үшін алғысын айтты.

«Бізге көрсеткен тұрақты қолдауыңызға, соның ішінде бастамаларымызды қолдағаныңыз үшін Үкімет атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы тергеуді толық аяқтау мақсатында біз ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз»— деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.

Өз кезегінде Николя Ралло Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дайындаған және жариялаған «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының ұшағының апаты туралы алдын ала есебін жоғары бағалады.

«Апаттан кейін 1,5 айға жетпес уақыт ішінде алдын ала қорытындыны аяқтауға қол жеткізген Қазақстан мен тергеу комиссиясының жұмысын атап өткім келеді. Мен сізді тергеу барысында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны толық орындауды жалғастыруға шақырамын», — деді Николя Ралло.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу бойынша қорытынды есеп Чикаго конвенциясына сәйкес осы жылдың соңына дейін жарияланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан...

По поручению Главы государства, в Туркестанской области стартовало строительство важной 102-километровой объездной дороги города Сарыагаш. Новая...

Общие принципы Личная безопасность - приоритет. Категорически ЗАПРЕЩЕНО: прикасаться к подозрительным предметам, самостоятельно задерживать подозреваемых лиц. Все действия...

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан,...