Мопедтер ресми түрде автокөлік ретінде қарастырылады

Мопедтер ресми түрде автокөлік ретінде қарастырылады

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Негізгі өзгерістер міндетті тіркеуді қамтиды,көрсетілген күннен бастап мопедтерді пайдалану оларды полиция органдарында тіркегеннен кейін ғана мүмкін болады.Сонымен қатар мопедті басқару үшін А1,А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы қажет,сонымен қатар көлік құралы техникалық тексеруден өтуі керек.

Мотокөлікті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат,көлік құралына арналған құжаттар,мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек болуы қажет.

5 сәуірден бастап мопедті тіркеусіз, жүргізуші куәлігінсіз немесе техникалық тексеруден өтпей басқару Заңды бұзу болып саналады және әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Айта кетейік,жаңа ережелер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және мотоцикл құралдарын пайдалануды бақылауды жақсартуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...