Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.

Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жетісу облысында балық шабақтарын өсіру өндірісі қарқын алып келеді. «Жетісу балық» балық шаруашылығы кәсіпорны әртүрлі балық түрлерінің шабақтарын...

Саран қаласындағы Tengri Tyres шина зауытында ел экономикасын нығайту, отандық өндірісті өркендету және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері...

Саранский шинный завод Tengri Tyres стал площадкой для обсуждения основных задач экономического и промышленного развития Казахстана. Предприятие...