«30 қайырымды іс» акциясы аясында көмек көрсетілді

«30 қайырымды іс» акциясы аясында көмек көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске асуда. Акция аясында түрлі бағытты қамтыған игі істерді атқару көзделіп отыр. Бастамашы топ белсенділерінің айтуынша, аталған бастама елдің ішкі ынтымағын жарастырып, қасиетті айда өзара бауырмалдығын бекемдейді.
Өз кезегінде азық-түлік себетін алған азаматтар қайырлы іске астсалысқан азаматтарға ақеділ алғысын айтып, ризашылықтарын білдіруде.
Алдағы уақытта мұндай қайырымдылықты мақсат тұтқан іс-шаралар жүйелі жалғасып, қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дамытуға септесері сөзсіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...