Павлодарда 3 қазандық, 2 турбоагрегат пен түтін мұржасы күрделі жөндеуден өтті

Павлодарда 3 қазандық, 2 турбоагрегат пен түтін мұржасы күрделі жөндеуден өтті

Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы электр станциялары мен электр беру желілерін жаңғырту қажеттігі атап өтілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жылыту маусымына дайындық аясында ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті еліміздің энергетикалық нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысына бақылауды жалғастыруда. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуына, жабдықтардың техникалық жай-күйіне және тұтынушыларды энергиямен сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл еліміздің электр станцияларында 9 энергоблокқа, 55 қазандық агрегатқа және 51 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 8 энергоблоктың, 49 қазандық агрегаттың және 32 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі аяқталды.

Атап айтқанда, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар ЖЭО-3 станциясында жоспарға сәйкес жөндеу науқаны толық көлемде аяқталды. Павлодар тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету мақсатында № 1, 3 және 5 қазандық агрегаттарына, № 3 және 5 турбоагрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ № 1 түтін мұржасы жөнделді.

Қазіргі уақытта станцияда бес қазандық агрегат пен бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Олар тұтынушыларға жылу және электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуде.

Жөндеу науқанының аяқталуы Павлодар ЖЭО-3 жабдықтарының сенімді жұмыс істеуіне және 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі...

Алибек Қуантыров «Қазгидромет» РМК орталық аппаратына барып, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметімен, заманауи технологиялық...