"Кілт" аумағында сенбілік өтті

"Кілт" аумағында сенбілік өтті

14-23 наурыз аралығындағы “Наурызнама” онкүндігіне сәйкес “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен сенбілік өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Сенбілік жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан “Кілт” аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда қоқыстан тазарту, жолдың шеткі бөлігін сыпыру және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға Әл-Фараби ауданы әкімдік аппараты, Шымкент қалалық экология департаменті, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасынан 150-ге жуық қызметкер, ардагерлер қатысты. 10 шақты техника жұмылдырылды.

Көгілдір көктем мен Наурыздың келуімен Жер ана да тазарып жатыр. Ұлттық мерекеге орайластырып ұйымдастырылған іс шарада “Кілт” аумағы тазарып, реттеле түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...