Шымкентте QR коды бар тақтайшалар орнатылды

Шымкентте QR коды бар тақтайшалар орнатылды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Атап айтқанда, Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Көркем (Забадам), Химфарм, Самал-2, Түркістан (Бам)шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінуде.

Аталған жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.

Жалпы Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйге және 75 көшеге QR код және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Жұмыс тобы тең...

Түркістан қаласында экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерін арттыру және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері кезекті...

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Жобаны іске асыру...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...