Шымкент: Көксай шағын ауданында 35 отбасы жаңа қонысқа көшті

Шымкент: Көксай шағын ауданында 35 отбасы жаңа қонысқа көшті

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жақын арада осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...