Қарағандыда қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен кәсіпорын жауапқа тартылды

Қарағандыда қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен кәсіпорын жауапқа тартылды

Қарағандыда полицейлер қалдықтарды белгіленбеген жерге төгу дерегін анықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 қазанда әкімшілік учаскені жоспарлы патрульдеу барысында анықталды. Киров полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қалдықтарды төгуге арналмаған жерде арнайы ассенизаторлық көліктің сұйық қалдықтарды төгіп жатқанын байқаған.

Тексеру нәтижесінде көлік иесі мен қалдықтарды тасымалдаушы компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар арнайы техникаға тыйым салынып, берешек толық өтелгенге дейін арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгу деректерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді Премьер-министр...