Түркістан: Арыста «Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы өтті

Түркістан: Арыста «Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы өтті

Бүгін Арыс қаласында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған «Наурыз көктем – Этно Fashion» атты ерекше флешмоб пен шеру өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойымен бастау алған сән көрсетілімі орталық алаңда қорытындыланды.

Аталған шараға 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

Флешмоб барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды.

Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардан бастап, орта жастағы азаматтар, жастар мен жасөспірімдер өз жас ерекшеліктеріне сай ұлттық киім үлгілерін паш етті.

Әжелер кимешек пен сәукеле тағып, ер азаматтар шапан мен бөрік киіп, ал жастар заманға сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүріп келе жатқан сәндік шеруді қызыға тамашалап, естелік суреттерге түсті. Кейбіреулері ұлттық киімдердің әсемдігіне таңданысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керектігін атап өтті.

«Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы мен сәндік шеруі – ұлтымыздың сән өнері мен дәстүрін жаңғыртып, жас буынға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің таптырмас үлгісі болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...