Шымкент: дәстүрлі садақ атудан Азия кубогы мәресіне жетті

Шымкент: дәстүрлі садақ атудан Азия кубогы мәресіне жетті

Бүгін «Металлург» спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Жақсығұл Мерген атындағы Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Үш күнге созылған тартысты бәсекенің жеңімпаздарын Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков марапаттады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Пута стилі бойынша ерлер сайысында қаламыздың мергені Әбдікаримов Мақсат қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, биылғы Азия кубогында 150-ге жуық садақшы шеберлігін сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы мен еліміздің 20 өңірінен келген спортшылардан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Үндістан, Түрікменстан және Малайзия елдерінің үздік мергендері жарыс жолына шықты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...