Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр

Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр

Бүгін Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз Ұлттық спорт түрлерінен барлық аудан-қалаларда жарыстар өтіп жатыр. Шара аясында бүгін Бәйдібек ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру секілді дәстүрлі ойындардан сайыс өтті. Спорттық жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы диплом мен сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданында мектеп оқушыларының қатысуымен ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Додада қазақ күресі, ләңгі тебу, асық ату сынды жекелей жарыстармен қатар, арқан тартыс сынды командалық ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Жастарды спортпен шұғылдануға дағдыландыру, ұлттық ойындар мен салауатты өмір салтын насихаттау, ойын кезінде өзін-өзі басқару арқылы қайсарлық пен батылдықты мақсат еткен шараға оқушылар белсене қатысты.
Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында жастардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында тағызқұмалақ ойынынан жарыс өтті. Аудандағы Жаңабазар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Үздік деп танылған оқушыларға сый-сыяпаттар берілді.
Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі – қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның әр саласын қамтитын мерекелік кезең. Ұлттық спорт күні - қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...