Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартты. “Наурызнама” онкүндігі аясында барлық мектептерде республикалық челлендж өтті. “КҮЙ КҮМБІРІ” республикалық домбырашылар челленджіне Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы қатысты. Білім ордасының “Мұрагер” ансамбліндегі 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының “Балбырауын”, “Адай” күйлерін, Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым”, Н.Тілендиевтің “Әл қисса” күйлерін орындады.
Шараның мақсаты - білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау. Сонымен қатар, қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.
Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...