«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

«Жаңа өмір» жобасы – жақсылықтың жаршысы

Шымкентте пробация қызметі есебінде тұрған жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижелі жүзеге асып отыр. Жыл басында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жоба аясында бірлескен жұмыс жоспарын бекітіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған орталық пен департамент жұмыс жоспарына сәйкес, пробация есебінде тұрған жастарға мамандардың қатысуымен жеке психологиялық қабылдау өткізіп, 20 жасқа көмек көрсетілді. Ал, ақпан айында пробация есебінде тұрған және әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасына көмек көрсетті. Атап айтқанда, жалғыз басты бес баланың анасы Л.Қосанбаева мен үш баланың анасы А.Молдакаримованың отбасына А.Дәуренбековтің демеушілігімен азық-түлік берілді.
Наурыз айында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастарға «Құқықтық сауаттылық және мемлекеттік қолдау» тақырыбы аясында діни экстремизмнің қаупі және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті. Онда Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теологы Нұрдәулет Аманкелді мен Тұран аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары жастарға кеңес айтып, сауалдарына жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...