Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті

Өзбекстан, Самарқанд қаласы

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Еуропа Одағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы саналады. Елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40 пайыздан астамы аталған ұйымға тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 миллиард долларға жуықтады. Бұл Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық көлемінің 80 пайызын құрайды.

Кездесуде экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...